Шоубиз

Зектілері

Мақпал Исабекова алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова күйеуімен
Мақпал Исабекова күйеуімен. Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті. Өнер иесі жолдасымен түскен бірнеше фото жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұзақ уақыт бойы күйеуінің түрін жасырып келген Мақпал Исабекова Instagram желісінде оқырмандарын таңғалдырды. Әнші жолдасымен түскен бірнеше суретін жариялап, қалың көпшілікке оны ресми түрде таныстырды.

"Таныс болыңыздар. Теодор мен Илаяның әкесі, Родион Викторович", - деп жазды ол фото астына.

Сонымен қатар өнер иесі не себепті отағасын көрсетуді шешкенін де айтты.

"Мен ғана көріп тамсана бермейін деп сіздер де көрсін дедім", - деп жазды Исабекова.

Оған қоса шоу-бизнес жұлдызы жолдасының ұлтына қатысты жауап берді.

"Поляк, украин, орыс пен еврейдің қаны бар", - деп қысқа қайырды әнші.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2177642-maqpal-isabekova-algash-ret-kopshilikke-kuieui-korsetti-foto/