"Менің айтқаным болады": Ерке Есмахан қыздар қауымына ақылын айтты
Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі отбасылы болған соң өмірінде қандай өзгеріс болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Желі қолданушыларының бірі әншіден өзін жақсы көруіне қатысты сауал жолдады.
"Өзіңізді жақсы көруге жәймен келдіңіз бе? Әлде бұрыннан сондайсыз ба?", - деп сұрады оқырман.
"Үйдің кенжесі болғандықтан шығар, кішкентайымнан ерке, лидер болдым. Өз өзін жақсы көруден бірінші орын менікі болар. Қазір күйеуімнің пікірі, балаларымның қалауы бар. Мен тек өзімді жақсы көремін, менің айтқаным болады деп отыра алмаймын. Кейде жеңіліп тұрып жеңуге тура келеді", - деп жауап берді өнер иесі.
Оған қоса Ерке Есмахан қыздар қауымына ақыл-кеңесін айтты.
"Біраз қызға айтарым бар. Өзіңізді де, жақындарыңызды да сүйе тұрып, басқаларды өзіңізге ғашық еткізіп, айналаңызды шыр айналдырып құлатпайсыз ба?! Әйелсіз ғой, қылық қосыңыз. Сол кезде сіз де, олар да риза болады. Тек баланс керек және ішкі сезіміңізге адал болыңыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2177751-mening-aitqanym-bolady-erke-esmahan-qyzdar-qauymyna-aqylyn-aitty/