jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Ғалымжан Молданазар денсаулығы сыр бергенін хабарлады

    Ғалымжан Молданазар
    Ғалымжан Молданазар. Фото: instagram.com/moldanazar

    Жастар арасында кеңінен танымал әнші Ғалымжан Молданазар Алматы қаласында жеке ән кешін беріп, оның барысында оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі денсаулығы сыр бергенін хабарлап, келер жылға дейін концерттері болмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ғалымжан Молданазар денсаулығына байланысты шығармашылықтан үзіліс алуға мәжбүр болғанын жеткізді.

    Оған қоса өнер иесі Астана қаласындағы концертін еске алып, барша тыңдармандарынан кешірім сұрады. Әнші елордадағы ән кешінің ортасында есінен танып қалған болатын.

    "Осының алдында Астанада өнер көрсеткен болатынбыз. Білетін адамдар болса, көріп отырған адамдар болса кешірім сұраймын. Денсаулығыма байланысты концерттің ортасында есімнен танып, құлап қалған болатынмын. Сол үшін ол кісілерден кешірім сұраймын", - деді Молданазар Revue News бағдарламасында.

    Өнер иесі осы жылы енді концерт бермейтінін жеткізді. Әнші денсаулығын қолға алмақ екенін айтты.

    Әнші Ғалымжан Молданазар денсаулығы сыр бергенін хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.