jitsu gif
Шоубиз

    "Ажырасып тынайын деп тұрмын": блогер Мереке Қалбаева басынан қиын кезең өтіп жатқанын айтты

    Мереке Қалбаева студияда қонақта
    Мереке Қалбаева. Фото: Жетінші арна

    Танымал жайдарманшы Мереке Қалбаева бүгінде басынан қиын кезең өтіп жатқанын айтып, желіде жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы жолдасы екеуінің арасы суып кеткенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мереке Қалбаева жеке өмірінде болып жатқан жағдайлар туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Блогер бизнеске бет бұрғалы отбасының берекесі кетіп, жолдасымен қарым-қатынасы бұзыла бастаған.

    "Сау басыма сақина тілеп алдым. Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Арсен "Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді" деді. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Бірақ сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. Жеті миллион теңгенің көлігін ұтысқа салып, өзім дымсыз қалдым. Мен бизнеске араласқалы үйімнің берекесі кетті. Жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Күйеуімізбен арамыз суып кетті. Бәрін күйеуіме дәлелдеу үшін жасап едім, бекер болды", - деп жазды ол.

    Мереке Қалбаева бірқатар сәтсіздіктен кейін бұл кәсіппен айналыспауды шешкен.

    "Қолдаған жүректерге рақмет айтамын. Мен қолымнан келгенше әрекет еттім. Демек хайырлысы осы шығар?! Тоқтамай жалғастыра берейін десем Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, кез-келген істі ақылдасып шешуге тырысайық! Арсенді көп ренжіттім. Енді кешірім сұрау керек болып жүр. Оған да уақыт келер. Ал бізден жаңа сериалдар мен әндер күтіңіздер!", - деп жазды әзілкеш.  

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.