Шоубиз

Зектілері

Министр Майра Ілиясоваға "Қазақстанның халық әртісі" атағын табыстады

Жарияланған күні:

Аида Балаева мен Майра Ілиясова
Аида Балаева мен Майра Ілиясова. Фото: t.me/ Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" орталық концерт залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, журналистер, ақпарат саласының қызметкерлері қатысты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

"Сіздердің қажырлы еңбектеріңізді ескеріп, Президентіміз бүгін мемлекеттік наградалар туралы жарлық шығарды. Бұл барлығымыз үшін үлкен сүйінші хабар. Себебі әр адам үшін өз еңбегінің бағалануы – үлкен бақыт. Бұл біздің салаға берілген жоғары баға әрі мәртебе деп білеміз", – деді Аида Балаева.

Министр президент атынан елдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар мәдениет және өнер саласының қайраткерлеріне марапаттар табыстады. Атап айтсақ, мемлекет басшысының жарлығымен белгілі эстрадалық әнші Майра Ілиясоваға және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры бас дирижерінің орынбасары Абзал Мұхитдинге "Қазақстанның халық әртісі" атағы берілді.

Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар азаматқа "Парасат", ІІ дәрежелі "Достық", "Құрмет" ордендері, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медальдары табысталды.

Сонымен қатар, елуден астам ведомстволық награда, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2178033-maira-iliiasova-qazaqstannyng-halyq-artisi-atandy/