jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өтті": анасының сырқатын айтқан Айгүл Иманбаева эфирде жылап қалды (видео)

    Айгүл Иманбаева
    Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева сұқбат кезінде анасының сырқаты туралы айтып, эфир кезінде жылап қалды. Өнер иесі бұл жайт өзін көп жасқа есейтіп жібергенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева "Төрлетіңіз" бағдарламасында жан сырын ақтарып, анасының денсаулығы сыр бергенін айтты. Эстрада жұлдызы бұл жағдай өзіне үлкен сабақ болғанын алға тартты.

    "Биыл анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға медициналық тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты сезілетін. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Өмір деген ұстаз ғой. Жүрген жолыңда жүресің де күйесің. Ақыл болса түйесің, болмаса нені түйесің?! Осы сапарым 10 күннің ішінде мені көп жасқа есейтіп жіберді", - деп ағынан жарылды әнші.

    "Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өтті": анасының сырқатын айтқан Айгүл Иманбаева эфирде жылап қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.