jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өмірінің әр кезеңі – бір альбом": Ерке Есмахан желіде күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

    Ерке Есмахан мен Райм
    Ерке Есмахан мен Райм. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жолдасы Raim-ға жазба арнап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Әнші күйеуінің асқан еңбекқорлығын атап, оның өнеріне жоғары бағасын берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан жолдасы туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ол Раймды Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші деп атады. Өнер иесі күйеуі ойдан құрастырмай, сезгені мен көргенін әнге қосатынын жеткізді.

    Ерке Есмахан отағасының жаңа альбомына қолдау білдіріп, онымен бірге дуэт орындаған.

    "Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі – бір альбом. Әр альбомы, әр әні ерекше. Бір әнім "хит" болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол – RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты. Жаным, барлық арман, мақсатыңа жет", - деп жазды Ерке Есмахан.

    "Өмірінің әр кезеңі – бір альбом": Ерке Есмахан желіде күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.