jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын" дейтін: Сиви Махмуди Шымкентке көшуінің себебін айтты

    Сиви Махмуди
    Сиви Махмуди. Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

    Отандық танымал әнші Сиви Махмуди Алматыдан Шымкент қаласына көшуінің себебін ашып айтты. Өнер иесі бұрынғы жолдасы қоқан-лоққы көрсете бастаған соң, одан алыс болу үшін қоныс аударуға мәжбүр болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сиви Махмуди басқа қалаға көшуінің себебін Анна Данченкоға берген сұқбатында ақтарыла айтқан. Оған қоса әнші бұрынғы жолдасының үшінші рет шаңырақ көтергенін де бөлісті.

    "Кейін ажырасқаннан кейін маған ортақ таныстар оның үйленгенін, сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын айтып, суреттер жіберді. Ал маған қызық емес, өйткені мен оның үйленгенін, бақытты болғанын қаладым. Ол бақытты болса, мен де бақытты боламын. Себебі ол менің артымнан қалмады, менің Алматыдан көшіп кету себебім де осы.

    "Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын" дейтін, не өзі бақытты қыла алмайды, не біреуге бергісі келмейді. Түбінде жіберді, өйткені ол басқа адам тапқан. Мен бұған өте қуаныштымын. Қазір ол сол әйелмен және оның екі баласымен бірге тұрады. Оның маған дейін де отбасы болған, менен кейін де болды, ортасында, арасында қаншамасы бар", - деді Сиви Махмуди.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.