jitsu gif
Шоубиз

    "Көп болды": хит әндердің орындаушысы Argonya Қайрат Нұртаспен араласпай кеткені рас па

    Қайрат Нұртас пен Argonya
    Қайрат Нұртас пен Argonya. Видеодан кадр: Instagram/argonyaa

    Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Айқын Төлепбергенмен дуэт жазған Argonya лақап атты әнші бүгінде неге ән шығармай кеткенін айтты. Кезінде Қайрат Нұртаспен жақын дос болған өнер иесі бүгінде онымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Argonya қазіргі уақытта Қайрат Нұртаспен бұрынғыдай араласпайтынын жасырмады. Өнер иелері осыдан екі ай бұрын шарада көрісіп қалған.

    "Соңғы рет Қайрат Нұртаспен 1-2 ай бұрын бір шарада кездесіп қалдық. "Ой, қалың қалай?" деп бір-бірімізді құшақтап, амандастық. Қал-жағдай білісіп қалдық. Одан кейін кездеспегелі көп болыпты", - деді әнші.

    Айта кету керек Қайрат Нұртас пен Argonya-ның "Маскүнем" атты әні кеңінен таралып, тыңдармандардың жүрегінен ерекше орын алған болатын.

    Сонымен қатар Argonya бүгінде неге хит туынжылар жазбай кеткенін айтты.

    "Жанып кеткен сияқтымын. Шабыт болмай тұр әзірге", - деп қысқа қайырды ол Revue News бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.