jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ырымдап беріп жатырмын": Лидия Каденова құлағындағы сырғасын Меруерт Түсіпбаеваға сыйлады (видео)

    Меруерт Түсіпбаева мен Лидия Каденова
    Меруерт Түсіпбаева мен Лидия Каденова. Видеодан кадр: Instagram/meruert_tusupbaeva

    Жақында "Халық әртісі" атағына ие болған актриса Лидия Каденова құлағындағы бағалы сырғасын өнердегі сіңлісі Меруерт Түсіпбаеваға сыйлады. Өнер иесі сырғасын жұғысты болсын деген ниетпен таққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыздардың қатысуымен болған ерекше сәтті Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Лидия Каденованың құлағындағы сырғасын шешіп, оны өнердегі сіңлісіне тарту етіп жатқанын көруге болады.

    "Біздің жолымызды берсін. Жұғысты болсын. Орден, медаль таға бер. Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемеуі керек. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын", - деді Каденова.

    Меруерт Түсіпбаева бұл сыйға қатты қуанып, актрисаға алғысын айтты.

    "Су жаңа халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын", - деді Түсіпбаева.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.