jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес": ақын Ақұштап Бақтыгереева Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлады (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

    Отандық танымал сазгер, ақын Ақұштап Бақтыгереева өз туған күнінде эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісоваға сақинасын тарту етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Мақпал Жүнісова ақынның туған күн кешіндегі ерекше сәттің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда Ақұштап Бақтыгереева ортаға Мақпал Жүнісованы шақырып, оған сақинасын тарту етіп жатқанын көруге болады.

    Алайда белгілі сазгер бұл бағалы затты әншінің өзіне емес, оның қызы Мерейге сыйлап жатқанын айтты. Жүнісова өзіне көрсетілген ерекше құрметтен кейін ақынға алғысын айтты.

    "Айналайын, дами беріңдер! "Әкемнің құрдасының қолынан алдым" деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер", - деді Бақтыгереева.

    "Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін", - деп жазды әнші. 

    "Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес": ақын Ақұштап Бақтыгереева Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.