jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Сен жоқта тас-талқанмын": Заттыбек Көпбосынұлы әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

    Заттыбек Көпбосынұлы келіншегімен
    Заттыбек Көпбосынұлы келіншегімен. Фото: Instagram/aikhan1218

    Отандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі желіде жан сырын ақтарып, әйеліне өлең жолдарын арнаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ

    Заттыбек Көпбосынұлы Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялап, келіншегін жаңа жасымен құттықтады. Әнші жарының фотосын бөлісіп, оған деген сезімін өлең жолдарымен жеткізген.

    "Туған күніңмен Сен барда асқар таумын, Сен жоқта тас-талқанмын. Сәні мен дәмі бөлек Сен жайған дастарханның Мың мадақ жаратқанға Бағалы бақытымсың Бақыттан бас тартады кім Мың мадақ жаратқанға …

    Мына өлеңді Қалқаман Сарин жарына арнаған, мен осы өлеңді ән қылып өзіңе арнадым. Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс. Бірге көретін жақсылығымыз көп болсын. Алланың бізге сый еткен балпапандарымыздың қанатын қатайтып, көкке самғап, биікке өрлегенін көрсетсін деп тілеймін Алладан", - деп жазды өнер иесі.

    "Сен жоқта тас-талқанмын": Заттыбек Көпбосынұлы әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.