97 жастағы әжей сахнаға шығып, Мақпал Жүнісоваға бата берді (видео)
Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісованың Өскемен қаласында өткен концертінде ерекше жағдай орын алды. Өнер иесінің 97 жастағы тыңдарманы сахнаға шығып, оған ақ батасын берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова концерті кезіндегі ерекше сәтті Instagram-дағы парақшасында жариялап, көпшілікке көрсетті. Бейнежазбада әжейдің сахнаға шығып, әншіге ақ батасын беріп жатқанын көруге болады.
"Құдай ұзағынан деніңе саулық берсін. Осылай көпшіліктің ортасында бізді қуантып жүре бер", - деді өнер иесінің егде жастағы тыңдарманы.
"Әмин, апажан. Жүзден асыңыз", - деп жазды өнер иесі.
Оған қоса Мақпал Жүнісова асқан құрмет көрсеткен Өскемен тұрғындарына алғысын айтты.
"Өскеменнің ән сүйер халқына көп рақмет, ғұмырлы болыңыздар", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2183183-97-zhastagy-azhei-sahnaga-shygyp-maqpal-zhunisovaga-bata-berdi-video/