jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Барлығына лайықсың": әзілкеш Арман Жаналиев келіншегіне су жаңа көлік сыйлады (видео)

    Арман Жаналиев әйелімен
    Арман Жаналиев әйелімен. Фото: Instagram/armanijanaliev_official

    Қазақстандық танымал әзілкеш Арман Жаналиев әйелін туған күнімен құттықтап, оған күтпеген тосынсый жасады. Желі жұлдызы әйеліне салоннан су жаңа көлік сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы әзілкеш Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Блогер қуанышты күннен видео жариялап, көпшілікке әйеліне жасаған тосынсыйын көрсетті. Видеодан Арман Жаналиевтің келіншегін автосалонға апарып, жаңа көліктің кілтін табыстап жатқанын көруге болады.

    "Ата-анамның тұңғыш келіні, балаларымның анасы, Алланың берген аманаты бүгінгі туған күнің құтты болсын. Екі дүние бақыты бізге нәсіп етіп, ұл-қыздарымыздың қызығын көріп, бір жастықта басымыз қартайып, бақытты ғұмыр кешейік. Мен сені Алла разылығы үшін жақсы көремін. Туған күніңмен және 10 жылдығымыз құтты болсын. Алғашқы көлігің құтты болсын. Игілігіңе мін. Сен барлығына лайықсың", - деп жазды актер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.