jitsu gif
Шоубиз

    "Үйретіп тастаймын": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қандай талап қоятынын айтты

    Гүлзира Айдарбекова келінімен
    Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде өзі қандай ене екенін айтып, келіндері алғаш түскен күннен бастап оларға қандай талап қоятынын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Жұлдызды ене сырттан түрлі тағам жеп жатса да, бәрібір үйдің тамағын сағынатынын жасырмады. Сол себепті ол келіндеріне бірден өзінің ет асу әдісін үйретіп қоятынын жеткізді.

    Оған қоса Айдарбекова шаңырағындағы отбасылық кештерді қатты жақсы көретінін айтты.

    "Қанша жерден түрлі тағам жет жатсақ та, өз үйіңнің дәмі бөлек қой?! Аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар тақылауды ақылдасамыз", – деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында. 

    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.