jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Мадина Сәдуақасова қуанышты жаңалығын бөлісті (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өмірінде болып жатқан қуанышты жаңалықты көпшілікке жария етті. Өнер иесі Америка құрама штаттарына 10 жылға виза алғанын хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Шоу-бизнес жұлдызы АҚШ елшілігінің алдында тұрған сәтінен видео жариялап, визаға қалай қол жеткізгегін айтып берді.

    Әнші бұл құжатқа ие болу үшін арнайы бір ай бұрын дайындалғанын жеткізді. Алайда өнер иесі бұл визаны қандай себеппен алғанын әзірге құпия ретінде сақтап қалды.

    "Достар, бұл екі күннен кейін "визаға рұқсат берілді" деген мөрі бар құжатты алдым деген сөз. Америкаға он жылға виза бар. Бір ай бұрын мені дайындады. Көптеген сұраққа қалай жауап беру керек, қалай сөйлеу керек екенін үйретті. Соның арқасында азғантай уақыт ішінде көп сұрақ қоймай, мөрді басып, паспортымды алып қалды. Енді сол визаны алуға келіп тұрмын. Қазір АҚШ елшілігінің алдына келдік. Кезекте тұрмыз. Бұл визаны не үшін алғанымды кейінірек айтып беремін", - деді Сәдуақасова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.