jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Түбі реттейтін де сол бір Қайрат": Айдарбекова үйі үшін соттасып жатқан келініне қатысты пікір білдірді

    Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен
    Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлын сынап жатқандарға жауап беріп, келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты жағдайға пікір білдірді. Оқырмандар келіншегі үйі үшін соттасып жатқанда өзіне салоннан қымбат көлік сатып алған әншінінің әрекетін қызу талқылауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Нұртас көпшілікке су жаңа темір тұлпарын көрсетемін деп елдің сынына ұшырады. Оқырмандардың бірі оған көлік алғанша, бала-шағасына үй әперуді ұсынған.

    "Машина ала бергенше, бала-шағаңа үй алып берсеңші", - деп жазды желі қолданушысы.

    Бұл пікір Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың ашуына қатты тиген. Белгілі продюсер оқырманға бірден жауап беріп, орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді.

    "Үйін де алып беретін өзі, бағатын да өзі. Алып берілген үй алаяққа кетсе, Жұлдыз да қарап отырған жоқ, жас емес ретін іздеп қайтарып алуға тырысып жатыр. Оған сенің тұмсығың қисаймасын. Ол да өз қателігін жөндеп көрсін, бәрі де Қайраттың еңбегімен келген дүние. Сен алып бермейсің ғой, түбі реттейтін де сол бір Қайрат. Көрсін соңына дейін барып, болмаса қарап қалмас", - деп жазды Айдарбекова Instagram желісінде.

    "Түбі реттейтін де сол бір Қайрат": Айдарбекова үйі үшін соттасып жатқан келініне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.