jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жаңа жолға аяқ бастым": Дина Төлепберген күтпеген жаңалығын бөлісті (видео)

    Дина Төлепберген
    Фото: Instagram/dina_tolepbergen

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген желіде "Астарлы ақиқат" студиясынан видео жариялап, елді ойландырып қойды. БАҚ өкілі аталмыш бейнежазбада қайта оралғанын хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" студиясында түсірген видеосын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Онда тележүргізуші оралғанын хабарлап, тіпті Мөлдір Әуелбековамен сұқбатының үзіндісін бөліскен.

    Көпшілік Дина Төлепбергеннің 13 жыл бойы тізгіндеген жобасына қайта келді деп болжады. Алайда шынында олай болып шықпады. Оның орнына БАҚ өкілі ел күтпеген жаңалығын бөлісті. Ол мүлдем жаңа бағдарлама ашқанын хабарлап, көпшілікті таңғалдырды.

    "Ескі ізбен, жаңа жолға аяқ бастым! Мені қолдайды деген үміттемін. Жаңа болмыспен жаңа бағдарламамды бастадым. 13 жыл қатарынан негативпен арпалысып, азып-тозғаным бар. Біреулер үшін дос, біреулер үшін жауға айналдым. Бірақ мен эфирге жол тартқан ешбір бағдарламам үшін өкінбеймін. Себебі адамның қатесін бетіне басқан жан, оның асыл қасиеттерін де асыра алады деп сенемін", - деді Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында.

    "Жаңа жолға аяқ бастым": Дина Төлепберген күтпеген жаңалығын бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.