jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азамат Сатыбалды ерекше марапатқа ие болды (видео)

    Азамат Сатыбалды марапаттау кезінде
    Азамат Сатыбалды марапаттау кезінде. Видеодан кадр: Instagram/auezovtheatre.rezerv

    Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалды Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестивалінде ерекше марапатқа ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өнер иесі аталмыш фестивальде түркі дүниесінің театр өнеріне қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгімен марапатталған.

    "Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестивалінің негізінде тағайындалған арнайы марапат иелері. Түркі дүниесінің театр өнеріне қосқан үлесі үшін төсбелгісімен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Азамат Сатыбалды  марапатталды", - делінген театрдың Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Театр ұжымы актерді марапатымен құттықтап, ақ тілегін жолдаған.

    "М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы марапат иесін шын жүректен құттықтайды! Театр кеңістігі мен ел мәдениеті үшін атқарып жүрген еңбегіңіздің әрдайым жемісті болуын тілейді", - делінген хабарламада.

    Азамат Сатыбалды ерекше марапатқа ие болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.