jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Бірінші болып Бибігүл Төлегенова құттықтады": Майра Ілиясова "Халық әртісін" алғаннан кейінгі әсерін айтты

    Майра Ілиясова
    Майра Ілиясова. Фото: instagram.com/mayrailyassova/

    Жақында "Халық әртісі" атағын алған Майра Ілиясова марапаттаудан кейінгі әсерін бөлісті. Өнер иесі "Халық әртісі" атанған соң, өзіне бірінші болып Бибігүл Төлегенова хабарласып құттықтағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Майра Ілиясова марапаттаудан кейін өзіне өміріндегі екі аса маңызды адам қоңырау шалып, ақ тілектерін айтқанын жеткізді. Олардың бірі Бибігүл Төлегенова болса, екіншісі – Ілия Жақанов.

    "Маған ең алғашқы телефон шалған Бибігүл Төлегенова апам. Мен құлап қала жаздадым. Бибігүл апам қазір 95-те. 17 қараша күні Опера және балет театрында үлкен тойы болады. Мен де шақырту алдым. Өте қуаныштымын. Сол кісі негізі маған көп бата береді.

    "Жаңбырсыз жер көгермейді, батасын ел көгермейді" деп қазақ босқа айтпайды ғой. Мен үнемі ол кісіден бата аламын. Ол кісі көп адамға бата береді. Бірақ маған ерекше бата береді. "Менің жасымды берсін" деп айтады.

    Екінші болып КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек ері, біздің Еңбек ерін жақында алған менің өмірдегі және өнердегі ұстазым Ілия Жақанов ағамыз хабарласты", - деді Ілиясова "1001 түн" бағдарламасында.

    "Бірінші болып Бибігүл Төлегенова құттықтады": Майра Ілиясова "Халық әртісін" алғаннан кейінгі әсерін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.