jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Құны – 150 млн теңге": блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне қымбат көлік сыйлады (видео)

    Дархан Жолшыбеков әйелімен
    Дархан Жолшыбеков әйелімен. Видеодан кадр: Instagram/daricorn.rr

    Жастар арасында кеңінен танымал блогер Дархан Жолшыбеков келіншегіне туған күні қарсаңында қымбат сыйлық жасады. Желі жұлдызы екі баласының анасына құны 150 млн теіге болатын көлік тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дархан Жолшыбеков келіншегіне жасаған ерекше тосынсыйын Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Блогер әйелі Дариға Нүркееваға салоннан қымбат көлік сыйлаған.

    Желі жұлдызының таңдауы Mercedes G63 AMG Grand Edition маркалы көлігіне түскен. Оның нарықтағы бағасы 150 млн теңгені құрайды. Оған қоса аталмыш темір тұлпардың әлем бойынша 1000 данасы ғана бар.

    Жолшыбековтың айтуынша, бұл көлік әйелінің асқақ армандарының бірі болған. Блогер келіншегінің арманын дәл туған күні қарсаңында орындауды шешкен.

    "Сен барлық жақсылыққа лайықтысың! Менің өмірімде бар болғаныңа рахмет. Барлығыңызға жұғысты болсын", - деп жазды желі жұлдызы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.