jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ерекше құрмет: Димаш Құдайбергенге ілтипат танытқан Макронның видеосы елді сүйсінтті

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Әлеуметтік желіде Димаш Құдайберген мен Франция президенті Эммануэль Макронның кездескен сәтінен видео пайда болды. Францияның бірінші ханымы ғажайып дауысымен күллі елді таңғалдырған қазақ әртісін көруге аса қуанышты болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісінде қазақ делегациясы құрамында Эммануэль Макронның қабылдауында болған Димаш Құдайбергеннің видеосы жарияланды. Бейнежазбада әншінің алдымен Францияның бірінші ханымымен амандасқан сәті көрініс тапты. Онда Брижит Макронның өнер иесін құшақтап, бетінен сүйгенін көруге болады.

    Одан кейін Димаш Құдайберген Эммануэль Макронмен қол алысып, сөйлесті. Оған қоса әнші Францияның экс-президенті Николя Саркози мен оның келіншегі Карла Брунимен де амандасты.

    Видео соңында кешке жиналған көпшіліктің қазақ әртісіне қол шапалақтап, ерекше құрмет көрсеткенін көруге болады. Димаш асқан сыйластық танытқан беделді тұлғаларға басын иіп, алғысын білдірді.

    Ерекше құрмет: Димаш Құдайбергенге ілтипат танытқан Макронның видеосы елді сүйсінтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.