Шоубиз

Зектілері

16 жастағы қазақстандық опера әншісі Американы бағындыруын жалғастыруда

Жарияланған күні:

Аделина Мухаметжанова
Аделина Мухаметжанова: Жеке мұрағаттан

Аделина Мухаметжанова музыкалық аренадағы өзінің танымалдылығын жалғастыруда. Биылғы жылы бойжеткен үшінші рет Миннесотаның белгілі бір штатында өткен байқауда жеңімпаз атанып, өзінің жетістіктер жинағын тағы бір марапатпен толықтырды. Ол соңғы үш жылда орындаушыларды тек академиялық вокалдық бөлімдері бағалайтын Америкадағы ұлттық байқаулардан 10-нан астам жүлдені жеңіп алды.

"Бұл жолы мен үш шығарманы орындадым: Нұрғиса Тілендиевтің "Ақ шағала", Иоганн Штраустың "Mein Herr Marquis" (Die Fledermause), Эми Бичтің "I send my heart up to you". Әрине, бұл қиын және толқынысқа толы болды. Өйткені бұл ұстазымның еңбегі үшін, мен білім алатын және мені ұсынған, оның атынан шығуға рұқсат берген мектептің сенімі үшін, жалпы барлығының алдындағы жауапкершілік болып табылады. Мен қазір келесі жылы мамыр айында Чикагода өтетін CS Vocal Competition-ға дайындалу үстіндемін", – деді әнші қыз.

Аделина Мухаметжанованың Америка Құрама Штаттарындағы мансабы 2019 жылы әйгілі Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетіп, айтулы American Protege байқауының жеңімпазы атанған кезінде басталды. Содан бері жас өнерпаз Миннесота штатына грантпен оқуға түсіп, білім алып, талантын ұштап, үнемі музыкалық жарыстарда топ жарып келеді. Сонымен қатар, ол жас вокалистерге арналған Juilliard School of Arts беделі мықты жазғы бағдарламасына сәтті өтіп, жиырма финалистің қатарынан табылып, оқуға стипендия алған үш халықаралық студенттің бірі болды. Шығармашылық адамдар үшін Гарвард ретінде саналатын Juilliard жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен бар болғаны 20 студентті таңдайды. Ал бұл Аделинаны аталған жобаға қатысу арқылы үлкен жетістікке жетелейді.

Аделина Мухаметжанованың отбасы атап өткендей, қыздың опера вокалисті болып қалыптасуына оның қазақстандық ұстазы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал өнері кафедрасының доценті Гүлнәр Нұрғалиеваның қосқан үлесі зор. Қашықтыққа қарамастан Аделина онлайн оқуын жалғастыруда.

"Аделинаның жетістіктерінде Гүлнәр Асылбекқызының қолдауы мен тәлімгерлігі маңызды рөл атқарады және біз қызымызға жұмсаған уақыты мен еңбегі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз", – деді Аделинаның анасы Наиля Суженова.

Сонымен қатар, Аделина жақында өз мектебіндегі қатарластарының өкілі, драма үйірмесінің вице-президенті болды. Мектептегі мюзиклдерге қатысады. Осылайша ол көшбасшылық дағдыларын белсенді түрде дамытуда. Дегенмен, жас әнші айналысатын және әуестенетін өзінің сүйікті ісінің көптігіне қарамастан, үйін сағынып, Алматыға қайта оралу үшін қысқы демалысты асыға күтеді.

"Әрине, бұл жерде менің достарым көп, мектеп бағдарламасының да қоры бай, сондықтан оқудан алшақ кете алмайсың. Бірақ мен күнде үйімді, достарымды, туған ауламды, Алматы тауларын есіме аламын. Отбасымды құшақтап алған соң, ең бірінші Шымбұлаққа барамы"», – деді Аделина Мухаметжанова.

Аделина Мұхаметжанованың академиялық вокал бойынша білім алғанына 7 жылдан асты.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Аделина 9-шы халықаралық жас вокалистер байқауында 2-ші жүлдені жеңіп алған болатын. Елена Образцова (Санкт-Петербург, Ресей), сондай-ақ "Голос.Балалар" жобасының қазақ телевизиялық нұсқасына қатысты (Qazaqstan dauysy. Balalar)

2021 жылы Зарина Алтынбаеваның "Prima Nota Fest" республикалық байқауының жеңімпазы (Алматы, Қазақстан)

2020 жылы Аделина Мұхаметжанова "Шығармашылық жетістіктері үшін" аталымы бойынша "Жыл таңдауы" Ұлттық сыйлығының ең жас иегері атанды.

2019 жылдың желтоқсан айында Аделина әйгілі Карнеги Холлда (Нью-Йорк, АҚШ) өнер көрсетті, онда ол "Американдық протедж" байқауының жеңімпазы ретінде шақырылды.

2018 жылы қазақстандық оқушы қызы Италияда Open International Auditions академиялық вокалдық байқауында Festival & Contest қауымдастығының президенті Кристиан Карокчетидің арнайы жүлдесін алды. Сол жылы – атақты халықаралық Sanremojunior байқауының жеңімпазы (Сан-Ремо, Италия), халықаралық фестивальдің финалисті – Орыс әндер байқауының (Лондон, Ұлыбритания).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2188016-16-zhastagy-qazaqstandyq-opera-anshisi-amerikany-bagyndyruyn-zhalgastyruda/