jitsu gif
Шоубиз

    "Уақыт ешкіммен санаспайды": Жұлдыз Әбдікәрімова өмір туралы ой-толғауын бөлісті

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, өмір туралы ой-толғауын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Өнер иесі белгілі бір іс-шараға қатысып, одан кейін өзі үшін біраз ой түйгенін жасырмады.

    Қайрат Нұртастың келіншегі үнемі даму мен ізденіс жолында болудың маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі жастардың қарқыны тым жылдам екенін айтып, заман талабына ілесу қиын екенін жеткізді.

    "Уақыт ешкіммен санаспайды! Үнемі ізденіс, даму жолында болмасаң, заман талабына ілесе алмайсың. Жас толқын өте дарынды, жан-жақты. Беталысы, қарқыны тым жылдам. Бұл кездесуден түйген ой осы болды", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.