jitsu gif
Шоубиз

    "Бізге өзі жазды": NE PROSTO ORCHESTRA "Kara Sevda" композиторымен қалай танысқанын айтты

    NE PROSTO ORCHESTRA мүшелері
    NE PROSTO ORCHESTRA мүшелері. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

    Бүгінде аты көпшілікке танылып келе жатқан NE PROSTO ORCHESTRA атты отандық симфониялық оркестр мүшелері сұқбат беріп, шығармашылығы жөнінде сыр шертті. Қазақстандық ұжым өз елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де таныла бастағанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Түрлі музыкалық бағыттарды қарастыратын NE PROSTO ORCHESTRA ұжымы түрік сериалдарының саундректері шырқалған концерттері аса сәтті болғанын айтты. Бұл кештердің видеосы Түркия еліне тарап, әйгілі композитор Тойгар Ышыклының назарын аударған.

    Көпшілікке танымал "Kara Sevda" сериалының әндерін жазған сазгер қазақстандық симфониялық оркестерге аса тәнті болып, оларға бірге өнер көрсетуге өзі ұсыныс жасаған.

    "Бір күні Ташкентте "Kara Sevda" сериалының саундректерін қойдық. Сол концерттегі видео Түркияға тарап кетті. Бурак Озчивит, әкімшіліктері де бөлісті. Сөйтіп бізге сол "Kara Sevda" композиторы Тойгар Ышыклы біздің парақшамызға жазады. Бірге өнер көрсетіп, сахнаға шығуға ұсыныс жасайды. Біз қатты қуандық. Ол кісіге жазып хабарласып, екі-үш айдан кейін оны Қазақстанға шақырдық. Алматы мен Астанада аншлаг жасап, үлкен концерт бердік. Алматыда 2 концерт, Астанада да екі рет өнер көрсеттік", - деді оркестр дирижері "Қызық Times" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.