jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын құрбыларымен Катар елінде атап өтті (видео)

    Гүлнұр Мамасарипова
    Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде. Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

    Отандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова жаңа жасын шетелде құрбыларымен бірге қарсы алды. Кино саласының маманы 50 жасын Катар елінде атап өтуді шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлнұр Мамасарипова туған күнін шетелде атап өткенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Кинопродюсер 50 жасын тойлау үшін ең жақын құрбыларының басын қосқан.

    Кино саласының маманы желіде видео жариялап, көпшілікке құрбылары өзін қалай құттықтағанын көрсетті. Бейнежазбада шар мен гүл ұстаған бірқатар келіншектің билеп, Мамасарипованың бөлмесіне келгенін байқауға болады.

    "Шығып кетіп сапарға! Келіп қалдық Катарға... 50-дегі құрбылар, Мен қосылдым қатарға. Құрбыларыма рахмет. Есте қалатын саяхат-мерейтой сыйлаған", - деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

    Алайда бұл туған күнге белгілі әнші Ерке Есмахан келе алмаған. Өнер иесі бұл сапарға оны жолдасы жібермей қойғанын жасырмады.

    "Райм мені жібермеді Катарға, Қосыла алмай қатарға, Осы видеоны көрген соң, Бір жылап алдым жатарда", - деп жазды әнші. 

    Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын құрбыларымен Катар елінде атап өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.