Шоубиз

Зектілері

Блогер Дархан Жолшыбеков жалғызбасты көпбалалы анаға пәтер сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Дархан Жолшыбеков
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Жақында әйелінің туған күнін дүркіретіп өткізген Дархан Жолшыбеков игі іс істеп, көпшілікті тәнті етті. Желі жұлдызы көпбалалы жалғызбасты ананың арманын орындап, пәтер сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дархан Жолшыбеков жасаған игі ісін Instagram-дағы парақшасында жария етті. Блогер 4 баласы бар әйелге баспана сыйлаған. Жанұя осыған жейін жалдамалы пәтерде тұрып келгені белгілі болды. Оған қоса келіншек үйінің жалғыз асыраушысы болып шықты.

"Сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік, әпке. Мынау – сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңызға бөлме жетеді, әпке. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын", - деді желі жұлдызы.

Дархан Жолшыбеков жалғызбасты анаға жаңа пәтерінің кілтін табыстап, әр бөлмесін көрсетті. Көпбалалы ана блогерге алғысын айтып, жылап қалды.

"Әкелерінің бөлек отбасы бар. Сол жаққа кетіп қалған. Өзім қатерлі ісікпен ауырамын. Кеше сіздің әйеліңізге той жасап бергеніңізді көріп, "Қыздарыма да осындай адам жолықса екен" деп тілеп едім. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Екі рет ота жасалды. Ертең мен өліп қалсам, балаларымды балалар үйіне өткізіп жіберер деп ойлап, баспана алуды жоспарлап жүр едік. Бұл үйді де жалдап тұрамыз. Қазан айындағы пәтер ақыны төлей алмадық. Сатуға шығардым деп айтып кеткен. Бүгін енді өз баспанамыз болады", - деді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2190843-bloger-darhan-zholshybekov-zhalgyzbasty-kopbalaly-anaga-pater-syilady-video/