jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тәуекел Мүсілім аяғы ауыр келіншегімен кіші қажылыққа аттанды

    Тәуекел Мүсілім әйелімен Меккеде
    Тәуекел Мүсілім әйелімен Меккеде. Фото: Instagram/mussilim

    Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім Меккеге кіші қажылыққа аттанды. Өнер иесі бұл жолы қасиетті мекенге аяғы ауыр келіншегімен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тәуекел Мүсілім мен әйелі Махаббаттың Меккеге аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ерлі-зайыпты өз парақшаларында қасиетті мекеннен фото мен видео жариялап, кіші қажылыққа келгенін хабарлады.

    "Алланың үйінде қонақта", - деген жазба қалдырды актер.

    Желі қолданушылары ниет етіп Меккеге барған жұлдызды жұпқа тәнті болып, оларға жылы лебізін жаудырды.

    "Ниеттеріңіз қабыл болсын", "Қандай керемет жұп. Көз тимесін", "Баршамызға бұйырсын", "Нағыз арман деп осыны айту керек. Жарайсың, бауырым", "Қабыл болсын. Бізге де нәсіп етсін", "Бақытты болыңыздар", - деп жазуда көпшілік.

    Тәуекел Мүсілім аяғы ауыр келіншегімен кіші қажылыққа аттанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.