jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Тұңғыш рет қазақ актрисасы Netflix-те көрсетілетін фильмде ана рөлін ойнайтын болды

    Алтынай Нөгербек
    Алтынай Нөгербек. Фото: instagram.com/kaztheatre

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек Netflix фильміне шақырту алды. Бұл туралы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қуанышты жаңалық тетардың Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Актриса Карлаг жайлы тарихи фильмге түседі.

    "Театрымыздың белді актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы NETFLIX фильміне шақырту алды. Танымал актриса Netflix-тің Карлаг жайлы фильміне түспек.

    Құрметті Алтынай Бауыржанқызы, барша театр ұжымы атынан сізді шын жүректен құттықтаймыз!" - делінген жазбада.

    Фильм 2025 жылдың аяғына дейін көрерменге жол тартуы мүмкін.

    Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов 2025 жылғы бюджетте ұлттық фильмдерді қолдауға 3,7 млрд теңге қарастырылғанын алға тартып, ұлттық фильмдерді қолдауға бөлінетін қаражат төңірегінде депутаттық сауал жолдаған еді.

    Тұңғыш рет қазақ актрисасы Netflix-те көрсетілетін фильмде ана рөлін ойнайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.