jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Димаш Құдайберген ерекше марапатқа ие болды (фото)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

    Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген DIAFA марапатын иеленді. Марапатты табыстау салтанаты Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалығын Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жария етті. Қазақстаның Халық әртісі өнерге қосқан үлесі үшін Дубайда ерекше марапатқа ие болған.

    "Құрметті DIAFA өнерге қосқан үлесім үшін берілген марапатқа алғыс айтамын. Рақмет, Дубай", - деп жазды эстрада жұлдызы.

    "Халықаралық араб фестивалінің беделді премиясы (DIAFA)" — бұл Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай қаласында жыл сайын өтетін марапаттау салтанаты. Оның барысында әлеуметтік жағдайды жақсарту мен қоғамның дамуына үлес қосқан халықаралық және араб қайраткерлері марапатталады. DIAFA-ның алғашқы марапаттау салтанаты 2017 жылы өткен.

    Димаш Құдайберген ерекше марапатқа ие болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.