jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жүрегім сүйер соңғы адам": Ақбота-Нұр Сейітмағамбет елді ойландырып қойды

    Ақбота Сейітмағамбет
    Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет желіде жаңа жазба жариялап, елді тағы да ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесінің жеке өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақбота -Нұр Сейітмағамбет Instagram-дағы парақшасында кезекті мерекелік шарадан видео жариялап, ерекше жазба қалдырды.

    "Ол мәңгіге, жүрегім сүйер соңғы адам", - деп жазды әнші ару.

    Желі қолданушылары бұл жазбаны бірден қызу талқылап, өнер иесін сұрақтың астына алды. Көпшілік актрисаның өмірлік серігін жолықтырғанын болжап жазды. Оқырмандар Ақбота-Нұрдың өмірінде пайда болған ер азаматтың кім екенін біле алмай әлек болған.

    "Мәссаған, не деген сөздер?", "Бақытты болыңыз", "Дәурен емес пе?", "Кім болды екен бұл жұмбақ азамат?", "Тойдың ауылы алыс емес-ау", "Ақботаның жүрегін жаулаған кім екен?", "Дәурен той жасап, қайта қосылатын сияқты", "Қашан таныстырасыз", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жеке өміріндегі жаңалығын жария етіп, елді ойландырып қойған болатын. Өнер иесі ақ көйлек кию өзіне де бұйырғанын айтып, бақытты күні жақындап қалғанын жеткізді.

    "Жүрегім сүйер соңғы адам": Ақбота-Нұр Сейітмағамбет елді ойландырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.