jitsu gif
Шоубиз

    "Осы өмірімді армандадым": 40 жасқа толған Ерке Есмахан желіде жан сырын ақтарды

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өткен демалыста 40 жасқа толды. Өнер иесі желіде туған күнін қалай атап өткенін көрсетіп, оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан атаулы күнге орай арнайы фотосессия жасап, оны Instagram-дағы парақшасында жария етті. 40 жасқа толған әнші дәл қазіргі өмірін бұрыннан армандап, елестеткенін жасырмады.

    "Мен дәл қазіргі өмірімді бұрын армандадым, елестеттім, сол үшін еңбек еттім. Ал, қазір қарап тұрсам, Алла менің сұрағанымның бәрін үйіп-төгіп молынан беріпті. Сансыз шүкір! Туған күніңмен, Ерке Есмахан", - деп жазды өнер иесі.

    Оған қоса шоу-бизнес жұлдызы жаңа жасын қалай атап өткенін көрсетті. Фотолардан жұлдызды шаңырақ қызыл түсті шарлар мен үлкен гүл шоқтарына толы екенін байқауға болады.

    Әнші бұл жолы туған күнін тек отбасымен тойлауды жөн көрген. Бұл шешіміне қарамастан жақындары мен достары оған үйіне сыйлықтарын жіберген.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    Ерке Есмаханды құттықтаған өнер иелері арасында Мақпал Жүнісова, Балжан Бидаш, Жазира Байырбекова, Нұрболат Абдуллин, Жәния Джуринская, Айжұлдыз Адайбекова, Мақпал Исабекова және т.б бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.