jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Өнерлі отбасы": қызымен билеген Мөлдір Мұқанова елді таңғалдырды (видео)

    Мөлдір Мұқанова
    Мөлдір Мұқанова. Фото: Instagram/moldir.mt

    Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова желіде қызымен түскен видеосын жариялап, елді таңғалдырды. Оқырмандар өнер иесінің ерекше талантына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Мұқанова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Видеода продюсердің қызымен заманауи би билеп жатқанын көруге болады.

    Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі мен қызының биі желіде бірден қызу талқыға түсті. Бірі анасы мен қызының өнеріне тәнті болса, енді бірі Мөлдір Мұқанованы сынап үлгерген.

    "Өнерлі отбасы. Мөлдір ханым, жас қыздайсыз", "Билейді деген сайын билей бергені несі?! Мөлдірге жараспайды", "Мамасы қайта қызы сияқты", "Пластикаларыңыз топ", "Бәрі келеді қолдарынан", "Мөлдірдікі тым ерсілеу секілді. Жасына сай дүние жасау керек сияқты", - деп жазуда көпшілік.

    "Өнерлі отбасы": қызымен билеген Мөлдір Мұқанова елді таңғалдырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.