Шоубиз

Зектілері

"Түнімен көз ілмедім": Кенжебек Жанәбілов "МузАрт" тобына алғаш келген кезін еске алды

Жарияланған күні:

Кенжебек Жанәбілов
Кенжебек Жанәбілов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Кенжебек Жанәбілов "МузАрт" тобына алғаш келген кезін еске алып., көпшілікті күлдірді. Өнер иесі жұлдызды ұжымға қабылданған кезде ағалары оған естен кетпес пранк жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов "МузАрт" тобына келгенде басынан өткен оқиғасы туралы жақындарымен дастархан үстінде отырғанда айтып берген. Өнер иесінің қызықты жайтты ақтарып жатқан видеосы Tik-Tоk әлеуметтік желісінде тарап кеткен.

Сөзінше, Бесбаев пен Майғазиев бір гастрольдік сапарға барарда оған "ұшақ тізгіндеп барасың" деп алдап, оны қатты уайымдатқан.

"Ауылдан жаңа келген кезім. Гастролдік сапармен шығайын деп тұрмыз. Маған билет жетпей қалды. "Кенжебек ауылдан келді, менің орныма ұшсы" деді Сәкен аға. Қасымдағылар "Сенің билетіңмен ол ұшалмайды" деп түсіндіріп жатыр. Бір кезде Мейрамбек аға "Кенжебек, қорықпа, ұшақ айдап барасың, саған билет табылмай тұр" деді. Өзі "тежегішті ғана ұстап отырасың, қонатын кезде ақырын жібересің. Түк қиын емес" деді. Қонақ үйдегі бөлмеге келіп, ұйқы жоқ. Түнімен көз ілмедім. Ұшақты қалай айдаймын деп уайымдадым. Таңертең әуежайға келсек, "саған билет табылды" деп ағаларым қарап тұр. Мен түнімен ұйықтамай, таңды көзбен атырып жүрсем. Кейін олар маған пранк екенін айтты. Сондай қызық оқиғалар болған", - деп еске алды әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2197163-tunimen-koz-ilmedim-kenzhebek-zhanabilov-muzart-tobyna-algash-kelgen-kezin-eske-aldy/