jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тұрмысқа шығуға келісімімді бердім": Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы айтты

    Айқын
    Айқын Төлепберген. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

    Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы сөз қозғап, ажырасқан соң оның қайта тұрмысқа шығуына қарсы болғанын ашып айтты. Өнер иесі екі баласының анасына неге отбасын құруға рұқсат бермегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айқын Төлепберген бірінші әйеліне қойған талабы туралы "Замандас" подкастында айтты. Сөзінше, ол балаларының жасы кішкентай болғандықтан қарсы болған. Алайда әнші қазір перзенттерінің анасына тұрмыс құруына рұқсат бергенін айтты.

    "Бірінші әйелімнің тұрмысқа шығуына бастапқы жылда қарсы болдым. Ол рас. Өйткені балалар кішкентай еді. Бір кезеңнен өту керек болды. Балалар өскесін, жеке өміріңе де уақыт табылады дедім. Қазір балалар өскесін, екінші рет тұрмысқа шығуға келісімімді бердім. Қазір тұрмыс құруына қарсы емеспін. Ара-қатынасымыз жақсы. Ол кісінің ақылдылығының арқасында осындай күнге жеттік. Өте дана әйел. Балаларды маған қарсы қоймады", - деді өнер иесі. 

    "Тұрмысқа шығуға келісімімді бердім": Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.