jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Димаш Құдайберген тағы ерекше қоғамдық марапатқа ие болды

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Димаш Құдайберген тағы бір ерекше марапатқа ие болды. Бұл туралы көпшілікке өнер иесінің командасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    DimashNews хабарлауынша, "Халықтың сүйіктісі-2024" 14-ші ұлттық премия өз қорытындысын шығарды. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.

    Қазақстанның Халық әртісі, елін әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген мәдениет қайраткері болып танылды. Эстрада жұлдызы бұл мараптқа төртінші рет ие болды.

    Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.

    Айта кетейік бұған дейін Димаш Құдайберген өнерге қосқан үлесі үшін тағы бір ерекше мараптқа ие болғанын хабарлаған болатынбыз. Марапаттау салтанаты Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.