jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Үш көмекшім бола тұра, ештеңеге үлгермеймін": Айсәуле Бақытбек босанғаннан кейін жағдайын айтты

    Айсәуле Бақытбек күйеуімен
    Айсәуле Бақытбек күйеуімен. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

    Жақында үшінші қызын дүниеге әкелген Айсәуле Бақытбек оқырмандарымен байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты. Желі жұлдызы үш балаға қалай қарап жатқанын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айсәуле Бақытбек осы жолы жеңіл әрі тез босанғанын айтты.

    "Бұл жолы бәрі жеңіл өтті. Мүмкін, есейіп саналы түрде қадам жасағанымыздан шығар?! Қорқынышты болғанымен соншалықты тез болды. Осыдан кейін тағы да босануға болады деп ойлап қалдым. Бірақ араға үзіліс салған дұрыс. Сонда ғана денсаулығың қалпына келеді", - деп жазды блогер.

    Сондай-ақ жұлдызды ана бүгінде үш қызын қалай бағып жатқанын айтты. Блогер қанша күтушісі болса да, әлі де ұйқысы дұпыстылмағанын жасырмады.

    "Менің екі бала күтушім мен үй көмекшім бар. Сонда да әлі дұрыс ұйықтаған жоқпын. Балалар оянбай тұрып, шай ішіп алайын деген ой жоқ. Рахаттанып отыра алмаймын. Кейде соларды ойлап, жылап аламын. Бір баланы жалғыз бағу – ерлік. Ал бір жарым жастағы үш балаға қарауға сөзім жетпейді. Маған үш көмекшім болса да жеткіліксіз. Үш көмекшім бола тұра, ештеңеге үлгермеймін. Маған күйеуімнің туыстары мен ата-аналары және достары көмектеседі. Балаларыңыздың арасы бір жастан болса да, олармен сапалы уақыт өткізіп, дұрыс тәрбие беру – маңызды", - деп жазды Айсәуле. 

    Айсәуле Бақытбектің Stories-i
    Айсәуле Бақытбектің Stories-i. Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

    "Үш көмекшім бола тұра, ештеңеге үлгермеймін": Айсәуле Бақытбек босанғаннан кейін жағдайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.