jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат қана қазақша ән айтқызады": Нюшамен "Алматы түндерін" шырқаған Қайрат Нұртас елді тәнті етті (видео)

    Қайрат Нұртас пен Нюша
    Қайрат Нұртас пен Нюша. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас ресейлік әнші Нюшамен бірге қайта сахнаға шығып, тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген "Алматының түндері-ай" әнін шырқады. Олардың өнер көрсеткен сәті әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Нұртас ресейлік әріптесімен өнер көрсеткен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада Нюша екеуі сахнада ел арасында хит болған "Алматының түндері-ай" әнін шырқап жатқанын көруге болады.

    Айта кетерлігі, Қайрат пен Нюша бұл әнді осыдан 8 жыл бұрын бірге орындаған. Қазақстандық әртістің Youtube арнасында аталмыш дуэт 27 млн қаралым жинаған болатын.

    Қос әнші бірнеше жылдан кейін сахнаға бірге қайта шығып, тыңдармандарын қуантты.

    "Екеуінің бірге ән айтканы сондай жарасымды", "Керемет дуэт", "Ең сәтті шыққан дуэт деп ойлаймын", "Тарих қайталанып жатыр ма?", "Ал шулы сұрақтарыңызды жаза кетіңіздер", "Біздің жігіт сасқалақтап қалды ғой", "Қайрош, жарайсың. Осы әнді Нюшамен айтқан сондай жарасады", "Қайрат қана өзге ұлт өкілдерін шақырып, қазақша ән айтқызады", - деп тәнті болды көпшілік.

    "Қайрат қана қазақша ән айтқызады": Нюшамен "Алматы түндерін" шырқаған Қайрат Нұртас елді тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.