jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Құттықтаулар қабылдаймыз": Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

    Дина Төреәлі күйеуімен
    Дина Төреәлі күйеуімен. Фото: Instagram/tattti_kyz

    Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы, блогер Дина Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай болды. Желі жұлдызы екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалығын Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Блогер перзентханадан фото бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Қош келдің өмірге, балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер", - деп жазды желі жұлдызы.

    Ерлі-зайыпты оқырмандарға қуанышты жаңалықты жария еткенімен, перзентінің жынысын әлі хабарлаған жоқ.

    Желі қолданушылары олар үшін қуанып, ақ тілектерін жаудырды.

    "Құттықтаулар қабылдаймыз": Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.