Дина Төреәлі екінші перзентінің жынысы мен есімін жария етті (фото, видео)
Жарияланған күні:

Жақында екінші перзентін дүниеге әкелген Дина Төреәлі көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Желі жұлдызы сәбиінің жынысы мен есімін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында перзентханадан шыққан видеосын жариялап, жақындары сәбиі екеуін қалай күтіп алғанын көрсетті.
Бейнежазбада жұлдызды ананы жолдасы, ата-енесі, сіңлісі Фариза Төреәлі мен жездесі Дархан Нортаевтың құттықтап келгенін көруге болады. Оған қоса бұл қуанышты күнге орай Төреғали Төреәлінің анасы арнайы Алматыдан ұшып келген.
Дина Төреәлі бақытты күнінен естеліктерді бөлісіп, көпшілікке баласының жынысы мен есімін жария етті. Ерлі-зайыпты бұл жолы да тағы да ұлды болған. Олар екінші перзентіне Ибраһим деген есімді берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2199441-dina-toreali-ekinshi-perzentining-zhynysy-men-esimin-zhariia-etti-foto-video/