jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әйгілі Селена Гомес тұрмысқа шықпақ: әншінің сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (фото)

    Селена Гомес сүйіктісімен
    Селена Гомес сүйіктісімен. Фото: Instagram/selenagomez

    Әлемге әйгілі америкалық әнші әрі актриса Селена Гомес ресми түрде қалыңдық атанды. Өнер иесінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалықты Селена Гоместің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Қуанышы қойнына сыймаған әнші бақытты сәтінен фото бөлісіп, барша тыңдарманын қуанытты.

    "Мәңгілік осы сәттен басталады", - деген жазба қалдырды өнер иесі.

    Желіде жарияланған кадрларда актрисаның сақинасын көрсетіп тұрғанын байқауға болады.

    32 жастағы Селена Гоместің таңдауы белгілі америкалық продюсер Бенни Бланкоға түскен. Қос ғашық бұрыннан таныс болып шықты. 2019 жылы олар "I Can't Get Enough" атты туындыны бірге жарыққа шығарды. Ал өткен жылы Бенни Бланко Селенаның "Single Soon" әніне продюсерлік етті.

    Әйгілі Селена Гомес тұрмысқа шықпақ: әншінің сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.