"Сіздермен мықтымын": бостандыққа шыққан Асқар Жұмабек желіде жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:

Жақында бостандыққа шыққан белгілі актер Асқар Жұмабек желіде үндеу жолдап, қиын кезеңде өзіне қолдау білдірген жандарға алғысын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Асқар Жұмабек Instagram желісі арқылы көпшілікпен байланысқа шығып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі көпшіліктің дұға-тілегі өзінің босап шығуына елеулі әсер еткенін алға тартты. Ол алдағы уақытта актерлік мансабын қайта қолға алмақшы екенін жеткізді.
"Ассаламағалейкум, құрметті оқырмандарым, көрермендерім, жанашырларым, жалпы қазақ елі! Осы видеоны сіздерге алғыс айту ретінде түсіріп отырмын. Әрқайссыңызға Алланың нұры жаусын. Барлықтарыңызды жақсы көремін. Осы күнге дейін менімен бірге болып, мені қолдап келгендеріңіз үшін сіздерге мың да бір рақмет. Маған тілеген жақсы тілектеріңіз, лебіздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Менің босап шығуымның себебі, ол бірінші Алланың арқасында, екінші ата-анамның жақындарымның, сіздердің дұға-тілектеріңізді арқасында деп білемін. Бүгін менің туған күнім. Туған күніме бұл өте жақсы сыйлық болды. Мені қолдайтын халық бар екеніне қуаныштымын. Мен сіздермен мықтымын, енді менің жақсы жетістіктерімді көресіздер. Жаңа жылда жақсы күндерде, жақсы кинолардан мені көре беріңіздер", - деді актер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2200074-sizdermen-myqtymyn-bostandyqqa-shyqqan-asqar-zhumabek-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/