jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

    Сырым Исабаев ән айтып тұр
    Сырым Исабаев ән айтып тұр. Видеодан кадр: Instagram/syrym__isabaev

    Отандық танымал әнші Сырым Исабаев өнердегі Қайрат Нұртаспен жанжалдасып қалғаны туралы қаусеттерге жауап берді. Ол жұлдызды досымен шын мәнінде қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сырым Исабаев көпшілік көкейінде жүрген сұраққа "1001 түн" бағдарламасында жауап берді. Ол бүгінде Қайрат екеуіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерді жоққа шығарды.

    "Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. "Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты" деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Біздің дуэтімізге менің әкем демеуші, Қайраттың анасы продюсерлік етті. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат. Қайратпен жұмыс істеу өте жеңіл болды", - деді өнер иесі. 

    Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.