"Ғасыр тойын тойлайық": Мақпал Жүнісова Бибігүл Төлегенованы туған күнімен ерекше құттықтады
Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова аңыз әнші Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Бибігүл Төлегеновамен түскен видеосын жариялап, оған ақ тілегін жолдады. Бейнежазбада өнер иесі әйгілі әншіні құшақтап, сүйгенін көруге болады.
"Сізді көргеніме қуаныштымын. Аман болайық. Апамыз аман болып, алдымызда жүрсе, біз де қыздай болып жүреміз. Қазақ елінің бұлбұлы, Халықтың қалаулысы ,Халық әртісі Бибігүл Төлегенова апамыздың бүгін туған күні, апамыздың ғасыр тойын тойлауға нәсіп етсін. Баршаңызға апамыздың жасын берсін", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2200916-gasyr-toiyn-toilaiyq-maqpal-zhunisova-bibigul-tolegenovany-tugan-kunimen-erekshe-quttyqtady/