jitsu gif
Шоубиз

    "Әнұран шырқап, көшелерді аралаған": Марат Омаров АҚШ-та Тәуелсіздік күнін қалай атап өткенін көрсетті (видео)

    Марат Омаров
    Марат Омаров. Фото: Instagram/marat_omarov_kz

    Қазақстандық танымал әнші әрі сазгер Марат Омаров Америка Құрама Шттаттарында Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтті. Өнер иесі әлеуметтік желіде мереке күнінен видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Марат Омаров АҚШ-тағы қазақстандақтармен бірігіп, 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік күнін қалай атап өткенін көрсетті. Әнші Instagram-дағы парақшасында арнайы видео жариялап, көпшілікті қуантты.

    Өнер иесі алдымен Қазақстанның туы бейнеленген киім киіп алған бір топ адаммен мемлекеттік әнұранды шырқаған.

    Одан кейін эстрада жұлдызы Құрама штаттарындағы қазақстандықтармен бірге мемлекеттік тудың суреті бар көліктермен Пенсильвания штатын аралағанын көруге болады.

    Желі қолданушылары Марат Омаровтың бұл игі бастамасына тәнті болып, желіде жылы лебізін білдірген.

    "Жарайсыз, нағыз елінің патриоты", "Қандай керемет көрініс", "Қазақстанның туы желбірей берсін", "Америкада ерекше атап өтіпсіздер", "Қатты қуанып қалдық. Отандастарымыз жарапты", "Осындай патриоттарымыз көп болсын", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.