jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тәуелсіздік күні ұлын тәуелсіздігінен айырды": келін түсірген Мұхамеджан Тазабек Алматыда дүбірлі той жасады

    Мұхамеджан Тазабек
    Мұхамеджан Тазабек. Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek

    Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабектің отбасында қуанышты жағдай болды. Қоғам қайраткері Тәуелсіздік күні ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мұхамеджан Тазабек тұңғыш ұлының үйлену тойын Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген.

    Дүбірлі шараның ұйымдастыруымен белгілі продюсер Маржан Сәдуақасова айналысқан. Ол Instagram-дағы парақшасында көпшілікке дайындық барысын және тойдың қалай өткенін көрсеткен. Мұхамеджан Тазабектің қуанышында бірқатар танымал тұлғалар болды. Олардың арасында Бекболат Тілеухан, "МузАрт" тобы, Қуандық Рахым, Альбина Шардарова және т.б. бар.

    Оған қоса той иесінің өзі де әлеуметтік желіде белсенділік танытып, оқырмандарына тойдағы қызықтарды айтып берді. Мұхамеджан Тазабек ұлының үйлену тойындағы қонақтарға арналған ерекше сыйлықтарын көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірді.

    Сонымен қатар дінтанушы ел алдында сөз сөйлеп, үлкен өмірге қадам аттаған жастарға ақыл-кеңесін берді.

    "Жігіт үйленгеннен кейін өз проблемасын, өз отбасының (жұбайы, бала-шағасы) проблемасын өзі шешуі қажет. Әкеге баланың бойұсынуы ол басында болуы керек. Қасына жары келгеннен кейін өз мәселесін өзі шешуі керек. Оның өміріне әке-шеше араласа бергеннен ештеңе шықпайды", - деді Тазабек.

    "Тәуелсіздік күні ұлын тәуелсіздігінен айырды": келін түсірген Мұхамеджан Тазабек Алматыда дүбірлі той жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.