jitsu gif
Шоубиз

    15 жылдан кейін "Шаншарға" қайта оралған Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде жылап қалды (видео)

    Жұлдызай Дүйсенбиева
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: Instagram/qazaqstantv

    Отандық танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін "Шаншар" әзіл-ысқақ театрының сахнасына қайта оралды. Өнер иесі бұл ерекше сәттен алған әсерін айтып, сұхбат кезінде жылап қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдызай Дүйсенбиева "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі өзін танымал еткен "Шаншар" әзіл-ысқақ театрының сахнасына қайта шығу ерекше сезім болғанын жасырмады. Актриса өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғысын айтып, жылап қалды.

    "Халықтың қошеметі ерекше болды. Сахнадағы сезімімді айта алмаймын. Оны өзің сезіну керексің. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған дейін осыны армандайтынмын. Ішімде эмоциям толып жатты. Қошемет көрсеткен кезде осы күнге дейін жасаған еңбегімнің еш кетпегенін түсіндім. Халыққа сондай ризамын. Бәрін құшақтағым келеді. Мені сахнадан анам көріп, ол кісі де жылап қалды. Халыққа басымды жерге тигізіп тұрып, рақмет айтамын", - деді Дүйсенбиева.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.