jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Күйеуге шығатын уақыты келіп қалғанын байқамаппыз": Индира Расылханның қызы сырғалым атанды (видео)

    Әнші Индира Расылхан
    Индира Расылхан. Фото: instagram.com/indirarasylkhan

    Қазақстандық танымал әнші Индира Расылханның отбасында жақында дүбірлі той болады. Өнер иесінің үлкен қызы Айдина сырғалым атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Индира Расылхан бұл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы қызына құда түскенін хабарлап, оқырмандары үшін құдалықтан арнайы видео жариялаған.

    Құдағи атанған өнер иесі көпшілікке құдаларын қалай күткенін және "Сырға салу" рәсімі қалай өткенін көрсетті. Әнші енді алдағы уақытта ұзату тойға қызу дайындықты бастайтынын алға тартты.

    "Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз, сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бойжеткен осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау сол "Ұзату" болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші жақсыларым! Ақынжанды жақсыларыма құлақтарына алтын сырға. Ұзатуға жақсы сөз керек еді", - деп жазды Индира Расылхан.

    "Күйеуге шығатын уақыты келіп қалғанын байқамаппыз": Индира Расылханның қызы сырғалым атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.