"Легенда дей беріңіздер": Гүлзира Айдарбекова ұлын мақтаған халыққа алғысын айтты
Жарияланған күні:

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа ерекше қолдау білдіріп келе жатқан барша жанкүйерлеріне алғысын айтты. Өнер иесі тұңғышын бұдан былай "легенда" деп атай беруге болатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртасқа жазба арнап, оның барша қолдаушыларына жылы лебізін білдірді.
"Күні кеше легенда атағын алды. Өзі емес. Бұл атақты ел-жұрт берді. Бұдан кейін беймарал легенда дей беріңіздер. Ал мен тарихта қалуына себепкер болып ат салысайын", - деп жазды продюсер.
Оған қоса Қайрат Нұртастың анасы бұл мәртебе ұлына ерен еңбектің арқасында келгенін айтты.
"Сіздер үшін тек жанды дауыста ән салады. Фонограммамен айтпайды. "Күндестің күні – қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр" демекші өсекті қойыңыздар! Қара термен келген еңбекті бағалайтын кез болды. Өсекті қоштамай, сәл көзді ашып, қошеметтейтін уақыттарыңыз болды", - деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2202813-legende-dei-beringizder-gulzira-aidarbekova-ulyn-maqtagan-halyqqa-algysyn-aitty/