jitsu gif
Шоубиз

    "Жеңіске аз қалды": сәбилі бола алмай жүрген блогер жақсы жаңалығын бөлісті (видео)

    Елдос Колобок
    Елдос Колобок. Скриншот: TALK LIKE

    Жастар арасында "Елдос Колобок" лақап атымен кеңінен танылған блогер желіде жақсы жаңалығын хабарлады. Сегіз жылдан бері балалы бола алмай жүрген желі жұлдызы күрделі ота жасатып, асқақ арманына бір қадам жақындағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Елдос Кәдірханов бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Блогер парақшасында отадан кейін видео жариялап, өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты.

    Желі жұлдызы сәбилі болу үшін тырысып, әрекет етуді ешқашан тоқтатпайтынын алға тартты. "Елдос Колобок" операция сәтті өткенін айтып, жеңіске аз қалғанын жеткізді.

    "Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік. Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден "өкінішке орай" деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз, тілеулес болыңыз. Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа сүйінші сұрайтын күнге жетейік. Емделу барысында ішкен дәрі-дәрмек 1 айда 9.5 кг салмақ қосты. Бірақ бізге бәрібір, бастысы бізге керек нәтиже бар", - деп жазды блогер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.